«KEGOC» АҚ акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысында Компанияның 2026 жылғы 30 маусымда аяқталған бірінші жартыжылдықтағы қаржылық есептілігі бекітіліп, 2026 жылдың бірінші жартыжылдығының қорытындысы бойынша 22,4 млрд теңге мөлшерінде дивидендтер төлеу туралы шешім қабылданды. Бір жай акцияғашаққандағы дивиденд мөлшері 81,25 теңгені құрайды.
Дивидендтер алуға құқығы бар акционерлердің тізімі 2026 жылғы 14 қазанда сағат 00:00-дегі жағдай бойынша тіркеледі.
Дивидендтерді төлеу 2026 жылғы 1 қарашадан басталады. Дивидендтер шешім қабылданған күннен бастап күнтізбелік 90 күн ішінде төлем агенті – «Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі» АҚ арқылы акционерлердің шоттарына қолма-қол ақшасыз аудару жолымен төленеді.
KEGOC акционерлер алдындағы міндеттемелерін жүйелі түрде орындап, жылына екі рет дивиденд төлейтін санаулы эмитенттердің бірі болып қала береді. 2014 жылы қор нарығына шыққан сәттен бастап Компания дивидендтер төлеуге жалпы сомасы 349,8 млрд теңге бағыттады.