«Электр желілерін басқару жөніндегі Қазақстан компаниясы «KEGOC» (Kazakhstan Electricity Grid Operating Company) акционерлік қоғамы «Қазақстан Республикасының энергетикалық жүйесін басқаруды құрылымдық қайта құру жөніндегі кейбір шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 28 қыркүйектегі № 1188 қаулысына сәйкес құрылды.
«KEGOC» АҚ-ның бастапқы мемлекеттік тіркелу күні — 1997 жылғы 11 шілде.
Мекенжайы: Қазақстан Республикасы, Z00T2D0, Астана қаласы, Сарайшық ауданы, Тәуелсіздік даңғылы, 59-ғимарат.
Қазақстанның энергия жүйесінің сенімділігін, қолжетімділігі мен озық дамуын қамтамасыз ету.
Энергетикалық ауысу жағдайында болашақ энергетикалық жүйе мен нарықтың өзгеруіне ықпал ететін, экономиканың өсіп келе жатқан қажеттіліктерін қамтамасыз ететін және инфрақұрылымды жоспарлау және таза энергияны дамыту арқылы тұрақты электр энергетикалық жүйенің дамуына үлес қосатын Қазақстан БЭЖ-інің Жүйелік операторы.
Қоғам мынадай негізгі қызмет түрлерін жүзеге асырады:
1) ұлттық электр торабы арқылы электр энергиясын жеткізу бойынша қызмет көрсету;
2) ұлттық электр торабы пайдалану бойынша қызмет көрсету;
3) электр энергиясын желіге босатуды және тұтынуды техникалық диспетчерлендіру бойынша қызмет көрсету;
4) электр энергиясын өндіру-тұтынуды теңгерімдеуді ұйымдастыру бойынша қызмет көрсету;
5) ұлттық электр торабының жабдықтарына пайдалану қызметін көрсету;
6) электр қуатын реттеу және оның резервтерін қалыптастыру;
7) теңгерімдеуші электр энергиясын және теріс теңгерімсіздіктерді сату;
8) қоғамның желілеріне тікелей қосылған электр желілері мен қосалқы станцияларды сенімгерлікпен басқару;
9) электр жеткізу желілері мен телекоммуникацияларды салу;
10) қоғамның желілері мен объектілерінде, сондай-ақ оларға тікелей қосылған желілер мен объектілерде өзге де сымды телекоммуникациялық байланыс қызметтерін көрсету;
11) стратегиялық объектілерге қызмет көрсету үшін техникалық және қосымша персонал ұсыну бойынша ұлттық компаниялар құрған ұйымдардың қызметі;
12) ұлттық компаниялар мен олардың еншілес ұйымдары көрсететін білім беру саласындағы қосалқы қызмет;
13) меншікті немесе жалға алынған бизнес-орталықтарды, кеңсе үй-жайларын, әкімшілік ғимараттарды жалға беру (қосалқы жалға беру) және басқару;
14) қара және түсті металдардың сынықтары мен қалдықтарын көтерме саудада өткізу;
15) Қоғам филиалдарының қызметін басқару бойынша бас компанияның қызметі;
16) басқа топтарға кірмейтін өзге де машиналарды, жабдықтарды және материалдық активтерді жалға беру.
Электр желілері
«KEGOC» АҚ «Жүйеаралық электр тораптары» филиалдарының теңгерімінде жалпы ұзындығы 27 917,643 км (тізбек бойынша) 0,4-1150 кВ габариттерде 399 әуе электр жеткізу желілері бар, оның ішінде:
1150 кВ ӘЖ – 1 421,225 км;
500 кВ ӘЖ – 8 281,131 км;
330 кВ ӘЖ – 1 862,937 км;
220 кВ ӘЖ – 15 767,33 км;
110 кВ ӘЖ – 352,841 км;
35 кВ ӘЖ – 44,13 км;
10 кВ ӘЖ – 124,087 км;
6 кВ ӘЖ – 8,02 км;
0,4 кВ ӘЖ – 56,942 км.
«KEGOC» АҚ «Жүйеаралық электр тораптары» филиалдарының теңгерімінде трансформаторлардың орнатылған қуаты 39 019,6 МВА кернеуі 35-1150 кВ 83 электр қосалқы станция бар, оның ішінде:
1150 кВ – 3 дана, қуаты 9 384,1 МВА;
500 кВ – 20 дана, қуаты 17 467,5 МВА;
220 кВ – 58 дана, қуаты 12 144,8 МВА;
35кВ – 2 дана, қуаты 23,2 МВА.
«KEGOC» АҚ «Ақмола жүйеаралық электр тораптары» филиалы 1997 жылдың қыркүйегінде құрылды.
Филиалдың мүліктік кешеніне жалпы ұзындығы 4230,431 км (тізбек бойынша) 10-1150 кВ габариттерде әуе электр жеткізу желілері, сонымен қатар жалпы қуаты 8136,6 МВА кернеуі 220-1150 кВ 10 қосалқы станция кіреді.
«KEGOC» АҚ «Ақтөбе жүйеаралық электр тораптары» филиалы 1997 жылдың қазанында құрылды.
Филиалдың мүліктік кешеніне жалпы ұзындығы 1216,474 км (тізбек бойынша) 10-500 кВ габариттерде әуе электр жеткізу желілері, сонымен қатар жалпы қуаты 2425,5 МВА кернеуі 220-500 кВ 7 қосалқы станция кіреді.
«KEGOC» АҚ «Алматы жүйеаралық электр тораптары» филиалы 1997 жылдың қыркүйегінде құрылды.
Филиалдың мүліктік кешеніне жалпы ұзындығы 4219,610 км (тізбек бойынша) 0,4-500 кВ габариттерде әуе электр жеткізу желілері, сонымен қатар жалпы қуаты 4958,2 МВА кернеуі 35-500 кВ 12 қосалқы станция кіреді.
«KEGOC» АҚ «Шығыс жүйеаралық электр тораптары» филиалы 1997 жылдың желтоқсанында құрылды.
Филиалдың мүліктік кешеніне жалпы ұзындығы 1974,290 км (тізбек бойынша) 0,4-500 кВ габариттерде әуе электр жеткізу желілері, сонымен қатар жалпы қуаты 4122,5 МВА кернеуі 220-500 кВ 7 қосалқы станция кіреді.
«KEGOC» АҚ «Батыс жүйеаралық электр тораптары» филиалы 1998 жылдың шілдесінде құрылды.
Филиалдың мүліктік кешеніне жалпы ұзындығы 2391,102 км (тізбек бойынша) 6-330 кВ габариттерде әуе электр жеткізу желілері, сонымен қатар жалпы қуаты 1450 МВА кернеуі 220 кВ 7 қосалқы станция кіреді.
«KEGOC» АҚ «Сарыбай жүйеаралық электр тораптары» филиалы 1997 жылдың тамызында құрылды.
Филиалдың мүліктік кешеніне жалпы ұзындығы 2437,713 км (тізбек бойынша) 6-1150 кВ габариттерде әуе электр жеткізу желілері, сонымен қатар жалпы қуаты 6589,9 МВА кернеуі 220-1150 кВ 8 қосалқы станция кіреді.
«KEGOC» АҚ «Солтүстік жүйеаралық электр тораптары» филиалы 1997 жылдың тамызында құрылды.
Филиалдың мүліктік кешеніне жалпы ұзындығы 3688,093 км (тізбек бойынша) 0,4-1150 кВ габариттерде әуе электр жеткізу желілері, сонымен қатар жалпы қуаты 3833,6 МВА кернеуі 220-1150 кВ 8 қосалқы станция кіреді.
«KEGOC» АҚ «Орталық жүйеаралық электр тораптары» филиалы 1997 жылда құрылды.
Филиалдың мүліктік кешеніне жалпы ұзындығы 3496,69 км (тізбек бойынша) 10-500 кВ габариттерде әуе электр жеткізу желілері, сонымен қатар жалпы қуаты 3741,6 МВА кернеуі 220-500 кВ 10 қосалқы станция кіреді.
«KEGOC» АҚ «Оңтүстік жүйеаралық электр тораптары» филиалы 1997 жылдың қыркүйегінде құрылды.
Филиалдың мүліктік кешеніне жалпы ұзындығы 4263,240 км (тізбек бойынша) 220-500 кВ габариттерде әуе электр жеткізу желілері, сонымен қатар жалпы қуаты 3761,7 МВА кернеуі 220-500 кВ 14 қосалқы станция кіреді.