KEGOC-та мемлекеттік тіл күнделікті жұмыста кеңінен қолданылады. Бүгінде компаниядағы мемлекеттік тілдегі құжат айналымының үлесі 98%-дан асты. Сонымен қатар қызметкерлер арасында қазақ тілін қолдану деңгейі де артып отыр.
Бүгін компанияда «Тіл тағдыры – болашаққа аманат» атты қойылым өтті. Онда энергетиктер балаларымен бірге сахнаға шығып, ана тілінің маңызы мен ұрпақтар сабақтастығын көрсетті.
Іс-шара барысында мемлекеттік тілдің дамуына үлес қосқан қызметкерлер мен бөлімшелердің еңбегі де атап өтілді. Әсіресе құжаттарды қазақ тілінде өз бетінше дайындайтын мамандарға назар аударылды.
Жалпы, компания қызметкерлердің қазақ тілін меңгеруіне де жағдай жасап отыр. Мәселен, 2025 жылы тіл курстарына 432 қызметкер қатысса, 2026 жылы олардың саны 583-ке жетті. Ал тестілеу қорытындысы бойынша Атқарушы дирекция қызметкерлерінің 58%-дан астамы қазақ тілін В1 және одан жоғары деңгейде меңгерген.
KEGOC-та мемлекеттік тілді дамыту жұмысы алдағы уақытта да жалғасып, қазақ тілін күнделікті жұмыста қолдануға басымдық беріледі.
.jpg)