Баспасөз хабарламалары

«KEGOC» АҚ «Энергоинформ» АҚ-ның 100% акциялар пакетін сату бойынша қайталама электрондық сауда-саттықтың нәтижелері туралы хабарлайды

«KEGOC» АҚ 2026 жылғы 26 тамызда өткен «Энергоинформ» АҚ-ның 100% акциялар пакетін сату бойынша қайталама электрондық сауда-саттықтың өтпегенін хабарлайды.

Сауда-саттықтың өтпегені туралы актіге сәйкес, оған сауда басталған кезде қатысушылардан өтінімдердің түспеуі себеп болды.

Қайталама сауда-саттықтың өтпеуіне байланысты «KEGOC» АҚ «Самұрық-Қазына» АҚ-мен бірлесіп, Қазақстан Республикасының заңнамасы мен белгіленген корпоративтік рәсімдерге сәйкес «Энергоинформ» АҚ-ның 100% акциялар пакетін сатудың баламалы механизмдерін қарастыруда.

Активті сатудың кейінгі шарттары мен осыған қатысты шешімдер «KEGOC» АҚ-ның ресми ақпараттық көздерінде қосымша жарияланады.


Жедел желі

Кері байланыс

Көмекші